Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясының саяси кеңесінен шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясының саяси кеңесінен шығарылды

01.03.2022

Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясының саяси кеңесінен шығарылды. Сонымен бірге «Павлодар мұнай-химия зауытының бұрынғы бас директоры Оспанбек Әлсейітов те саяси кеңестің қатарынан шықты. Ал, олардың орнына Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу мен «Астана» медицина университетінің ректоры Қамалжан Надыров және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Максим Рожинді мүше ету ұсынылды. Жалпы, құрамға өзгеріс енгізу тек қана партия съезінің құзіретіне кіреді,-деді саяси ұйымның атқарушы хатшысы Асхат Оралов.

Хабарламаларға жазылу