Қасым-Жомарт Тоқаев: Партия популизммен айналыспауы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев: Партия популизммен айналыспауы керек

01.03.2022

Десе де партияның жұмысын жаңғырту үшін ребрендинг жасау жеткіліксіз, деді Мемлекет басшысы. Саяси ұйым шын мәнінде аманатты арқалап, халық мүддесі үшін жұмыс істеуі тиіс. Партиядағы өзгеріс орталық аппараттан басталуы керек. Қазір олар қажетсіз түрлі форумдар мен іс-шараларды өткізуге әуес. Әрі қағазбастылыққа көміліп отыр. Сол үшін халықтың мұң-мұқтажы екінші орында қалып келеді. Сондай-ақ Президент популизммен айналыспау керектігін қатаң ескертті. Және Үкімет мүшелері мен депутаттарының шынайы келбетін көрсететін рейтинг түзу керектігін де айтты. Парламент ашық пікір айтылатын алаңға айналуы тиіс. Халыққа құрғақ уәделер қажет емес. Халық нақты іс әрекет күтіп отыр, деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ Президент кезектен тыс 22-съездің дәл бүгін өтуі бекер емес деді. Мұның символдық мәні бар. 23 жыл бұрын дәл осы күні «Nur Otan» партиясы құрылған еді. Енді 1 наурыз Аманат болып, қайтадан түлеп отыр деді Төраға. 

Хабарламаларға жазылу