Сондай-ақ съезде Президент Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, Қазақстанның ұстанымы мемлекетіміздің қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету тұрғысында болуы тиіс.
2010 жылы еуропалық Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін қабылдаған ел ретінде біз еуразиялық қауіпсіздіктің тұтастығы ұстанымын қолдаймыз. Өкінішке орай, мұндай жағдай орын алған жоқ. Минск келісімі қағаз күйінде қалып қойды. Бұл Украина аумағындағы әскери іс-қимылға алып келді. Геосаяси ахуал теңдессіз түрде шиеленісті, деді Президент. Сол үшін екі мемлекетті де уағдаластық пен келісімге келуі үшін келіссөздер үстеліне отырып, ортақ тіл табуға шақырды. «Басқа жолы жоқ. Бейбіт өмірсіз даму да болмайды. Қазақстан өз тарапынан барлық жәрдемін, оның ішінде арағайындық қызметін көрсетуге дайын. Әрине, егер ол қажет болса», - Мемлекет басшысы.