Президент Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады

01.03.2022

«Nur Otan» партиясының атауы «Аманат» болып өзгертіліп, оның белгісі бекітілді. Бүгін елордада өткен саяси құрылымның кезектен тыс съезінде Мәжілістегі фракция депутаттары осындай ұсыныс білдірді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партия атауын «Аманат» деп өзгертуді қолдады. «Бұл еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым», - деді Мемлекет басшысы. Президенттің айтуынша, «егемендіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек. Мемлекеттілік, дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы дегеніміз міне осы. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия бұл қағидатты берік ұстанады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар, Президент Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады. Бұл өзара тілектестікті, жанашырлықты дәріптейтін мейрам. Осы ынтымақтың арқасында қаңтардағы қиын қыстау күндерде мемлекеттігіміз бен тұтастығымызды қорғап қалдық, деді Қасым Жомарт Тоқаев. Ендігі алдағы міндет Жаңа Қазақстанды құрудағы мақсаттарды айқындау.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазір бүкіл әлемдегі ахуал өзгеріп жатыр. Жаңа құндылықтар мен күрделі сын-қатерлер пайда болуда. Осындай аумалы-төкпелі уақытта еліміз дамудың келесі кезеңіне қадам басты. Біз Жаңа қазақстанды құруға кірістік. Бұл – өте ауқымды міндет. Тіпті болашақтағы тағыдырымызды шешетін аса маңызды жұмыс деуге болады. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін жаңа мақсат-міндеттерімізді айқындап алуымыз қажет.


Хабарламаларға жазылу