Қазақстанның қарулы күштері жаттығу жұмыстарын пысықтауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның қарулы күштері жаттығу жұмыстарын пысықтауда

02.03.2022

Қорғаныс министрлігі Қарулы күштердің орындарын ауыстырып, оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мәселен, әскери колледждің тәрбиеленушілеріне практикалық сабақтар өткізу үшін Семей горнизонынан Щучинск қаласына әскери техника жөнелтілді. Қарағандыдан Гвардейск гарнизонына, Алматыдан Ақтау гарнизонына әскери техника жіберілді. Шымкенттен Таразға, Түркістанға, «Айша-бибі» полигонына және кері бағытта Қарулы күштерге тиесілі техникаларды жеткізіп, тәжірибе алмасу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін әскери техникаларды темір жол көлігімен Батыс Қазақстаннан елдің оңтүстік бөлігіне жеткізу іске асырылып жатыр. 

Хабарламаларға жазылу