Резиденция орнына саябақ! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы хабарлады. Айтуынша, резиденция орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады.