Доллар тағы өсті. Таңғы сауда қорытындысы бойынша АҚШ валютасы 7 теңгеге жуық өсіп, 492,21 теңгеге тең болды. Қазақстан қор биржасы осындай дерек келтірді. Ал Ұлттық банк доллардың 2 наурыздағы ресми бағамы – 487,75 теңге екенін айтты. Жалпы былтыр қараша-желтоқсан айларында сыртқы факторлардың күрт нашарлауынан валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін интервенция жасалды. Қаңтарда оның жалпы сомасы 240 миллиондай долларға жетті.