Бас қалаға арналған көрме өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас қалаға арналған көрме өтуде

03.07.2014
Бас қалаға арналған көрме өтуде

Ұлттық академиялық кітапханада Астана мерекесіне арналған көрме ашылды. «Биік қала, бекзат қала, бақ қала» атты көрме төріне елорданың қалыптасуы, даму тарихынан сыр шертетін кітап-журнал  қойылған.

Жалпы кітапхана қорында 800 мыңнан астам кітап болса, оның сегіз мыңы бас қалаға арналған туындылар. Көрмеге ең таңдаулы деген 100 еңбек қойылды. Олар «Елорда шежіресі», «Қазақ астанасының сәулетшісі», «ЕХРО-2017» және «Әлем таныған әсем шаһар» атты бөлімдерге топтастырылған.

Жиналғандар Астананың іргесін қалап, сәулеттік сымбатын асыруда Елбасының сіңірген еңбегі туралы туындылармен танысты.  Сондай-ақ, ЕХРО нысандары мен алып жобаны жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан шаруаны  көрді. 

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бұл бүгінгі күннің адамдарына ғана емес, болашаққа да керек үлкен қазына деп есептеймін. Астананың құрылуы, Астананы көшіру туралы шешімдер, мұнда салынып жатқан ғимараттардың тарихы, оның барлығы айналып келген кезде ғасырлар өткеннен кейін біздің болашақ ұрпақтарымызға бұл қаланы тұрғызудағы, қаланың пайда болуындағы үлкен тарихи құныдылыққа айналары сөзсіз. 

 

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу