Каспий құбыр желісі консорциумы қалыпты режимде мұнай тасымалдап жатыр. Энергетика министрлігінің өкілдері осылай деп хабарлады. Бұған дейін Рейтер агенттігі Ресейге салынған санкцияларға байланысты Каспий құбыр консорциумы мұнай тасымалдауда қиындыққа тап болғаны туралы ақпарат жариялаған. Алайда халықаралық кәсіпорын тұрақты жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Айта кетейік, Консорциум тәулігіне шамамен 1,2 миллион баррель мұнай жөнелтеді. Оны елдегі кен орындарында Chevron, Exxon Mobil, Еni және Shell өндіреді. Негізгі акционерлері Ресей, Қазмұнайгаз, Chevron.
Ақерке Бектас