«Amanat» партиясының депутаттары халыққа жақын болып, әділ түрде жұмыс атқаруы керек», - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Гүлдана Сапарғалиева. Сонымен қатар депуттар елдің көкейінде жүрген мәселелерге назар аударғаны жөн. Оның айтуынша, облыстардағы жастардың білім алуына қолайлы жағдай жасау керек және партияның жұмысы неғұрлым ашық болуы тиіс.