Түркістан облысында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелмеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелмеді

03.03.2022

Түркістан облысында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелмеді. Дегенмен өңірдегі инфекциялық стационарларда 900 төсек орын дайындалған. Қазіргі таңда онда 126 науқас емделуде.

Ал, Шымкент қаласында қауіпті індетті жұқтырған соңғы науқас ауруханадан құлан таза айығып шықты. 70 жастағы қарияны инфекциялық стационардағы дәрігерлер ерекше қошеметпен үйіне шығарып салды. Стационар уақытша жабылды.

Бейсенбек Өсербав, науқас:

Мен өте жақсы болдым. Он күн жаттым. Қазір жақсымын. Сол осы жерде істеп жатқан дәрігерлердің арқасы. Мен өте ауыр жағдай келген адам едім. Рахмет дәрігерлерге!

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу