Әр депутат халық мүддесіне қызмет қылуы тиіс. Президент партия съезінде бұл міндетке ерекше мән берді. Халық қалаулысы ретінде қай партия өкілі болса да, азаматтардың мұң-мұқтажын біліп, оны билікке бүкпесіз жеткізуі керек. Өз халқына жаны ашыған азаматтар ғана еліне жақсылық жасай алады.
Назгүл Мағжан, Қазақстанның Әйелдер күштері альянсы төрағасының орынбасары:
Қазіргі таңда уақыт жоқ. Оның бәріне жағамызды жиып, тез арада жұмысқа кірісіп, әрі депутат болсын, әрі билік басында отырған шенеуніктер болсын, осы жаңа Қазақстанды құруға етене атсалысуға тиісті деп ойлаймын.