Дәл қазір елордада «Астана жұлдызы - 2014» байқауы өтіп жатыр. Бұл жоба былтыр бас қаланың 15 жылдығына орай бірінші рет ұйымдастырылған болатын. Дәстүрлі шара биыл да жалғасын тапты.
Айзада Үсенбай, тілші:
Дәстүрлі шара әдеттегідей тотыдай таранған телеарна жұлдыздарының, эстрада әншілерінің қызыл кілем үстімен жүріп өтуінен басталды. Ал, дәл қазір, «Астана жұлдызы-2014» байқауының негізгі бөлімі өтіп жатыр. Өнер жұлдыздары, концерттік залға еніп, қазақ эстрадасындағы жаңа кәсіби есімдерді анықтауда.
Айта кетейік, байқау былтырдан бері өткізіліп келеді. Тың жоба ұлттық музыка мәдениетінің көкжиегін кеңейту үшін қолға алынды. Яғни, есімі елге енді ғана таңыла бастаған жас әншілер мен эстрада жұлдыздырының еңбегін елеп, оларға қолдау көрсету мақсат етілген.
Ал, биылғы байқауға қатысуға 350 үміткер өтініш білдіріпті. Үздіктерді 100-ге жуық кәсіби сарапшы анықтайды.
Қыдырәлі Болман, қазылар алқасының мүшесі:
Осы еңбектерге 100 сарапшы баға береді. 2-3 кезеңнен тұрады. 11 аталымда үш орыннан беріледі. Үздіктердің барлығы бүгін анықталады. 100 сарапшы әртүрлі ойлауы мүмкін.
Айта кетейік, биылғы бәйгенің былтырғыдан бір ерекшелігі бар. Осы жолы музыканттардың өткен жылғыдай 15 жылдық емес бір жылдық еңбегі бағаланады. Ал, Бейбітшілік және келісім сарайындағы салтанатты кеш түнгі сағат он бірге дейін жалғасады.
Айзада ҮСЕНБАЙ