Мемлекеттік басқару академиясына құжаттар қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік басқару академиясына құжаттар қабылдау басталды

04.03.2022

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына құжаттар қабылдау басталды. Үміткерлерден құжат онлайн форматта қабылданады. Академия жаңа оқу жылына 10 магистрлік және 3 докторлық бағдарлама әзірлеп отыр. Биыл енгізілген жаңашылдықтарға орай, ағылшын тілін білу деңгейін растайтын халықаралық сертификаттар тізімі ұлғайтылды. Сонымен қатар, құжат қабылдау 23-шілдеге дейін жалғасады.

Ерлан Әбіл. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры:

Жыл сайын біз мемлекеттік тапсырыс негізінде магистратураға 120, докторантураға 12 грант аясында құжаттарды қабылдаймыз. Сонымен бірге халықаралық келісімдер аясында стипендиялар мен гранттар бөлінгені туралы кеткенім жөн.


Хабарламаларға жазылу