«Астанадан тағзым» атты әдеби-сазды кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астанадан тағзым» атты әдеби-сазды кеш өтті

04.07.2014
«Астанадан тағзым» атты әдеби-сазды кеш өтті

Астана күні қарсаңында елордадағы Жастар сарайында «Астанадан тағзым» атты әдеби-сазды кеш өтті. Бұл кеш ұлт зиялылары Тұрар Рұсқылов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сұлтанбек Қожанұлы мен Ілияс Жансүгіровтердің туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Шара мақсаты - ел тәуелсіздігін арман еткен 5 қайраткер рухына тағзым ете отырып, жастарға олардың өмірі мен тағдырын кеңінен насихаттау. Ұлттық руханиятымыздың өзегі - мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру.

Рухани кеште Алаш арыстарының шығармалары орындалып, олардың өмірінен сыр шертетін театрландырылған қойылымдар көрсетілді. Қазақ тарихы мен әдебиетінде ойып тұрып орын алған азаматтардың шығармашылық болмысын бүгінгі күннің зиялы қауымы бейнесұхбаттар арқылы суреттеді.

Ербол Тілешев, Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы:

Тәуелсіз ел болуымызға  осы күнге жетуімізге тарихтың әртүрлі өткелдерінде үлкен тұлғаларымыз, көрнекті азаматтар ықпал еткен.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу