Жастарды қызметте өсірмеу, оларға жол бермеу біздің басты кемшілігіміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Amanat» партиясының съезінде саяси кадрлерді дайындау ісіне тоқталып, бұл бағыттағы кемішілктерді шешуді тапсырды. Басшылардың түрлі мамандық иелерімен диалог жасай білуі, халықтың үніне құлақ асып, кері байланыс орнатуы басты міндет екенін атап өтті. Мемлекет басшысының бұл бастамасына қолдау білдірген қоғам белсенділері мемлекет дамуы үшін тәжірибелі жас кадрларды даярлауға басымдық беруі қажет, деп есептейді.
Нұрниязи Мәделіұлы, қоғам белсендісі:
Басты мәселе жас мамандарды мемлекеттік қызметтегі жас мамандардың өспей қалғанында болып тұр. Бір орында ол қанша жерден жақсы қызмет істеп, адал еңбек етсе де өспей бір орында тоқтап қалып тұр. Мемлекет басшысы айтып жатыр, қазіргі замандағы заман талабына сай, саяси қызметтегі басшылар халықпен аудармашысыз тікелей өзі, қоғамның кез-келген уәкілімен диалог орната білу керек дейді.