Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды

04.03.2022

Украинадан қазақстанның 23 жүк көлігі шығарылды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді. Тағы жетеуі Польша шекарасында тұр. Ал, 26 жүк көлігі Украинаның орталық және шығыс аймақтарында қалып отыр. Ол жүргізушілерге де қолдау көрсетіліп жатыр. Ведомство өкілі жүк вагондарына қатысты да мәлімет берді.

Вадим, Жүк көлігінің жүргізушісі:

Барлық қазақстандық көлік жүргізушілері атынан Польша елшілігіне рахметімді айтқым келеді. Визасыз ел аумағынан өтуге үлкен мүмкіндік жасады. Сонымен қатар, Қазақстан Үкіметіне, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына және Украина елшілігіне ризашылығымызды білдіреміз. Қазір Люблин қаласындамыз. Қорқыныш пен үрей артта қалды. Барлықтарыңызға үлкен рахмет!

Самат Ғилымов, ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы:

Вагондарды таппай жатырмыз деген мәселе бар. Ол мәселе сол қалпында қалды деп айта алмаймыз. Олармен де жұмыс жасап жатырмыз. Бұлардың өздерінің электронды жүйесі бар. Солардың істен шығуына байланысты қай вагонның қай жерде тұрғаны жартысына дейін белгілі. Белгісіздері де бар. Бірақ біздер оны іздеп жатырмыз. Мың сегіз вагон Украина темір жолдарына тапсырылған. Сол вагондардың қай қайсысымен де жұмыс жасаудамыз.

Латвия порттары Қазақстан жүктерін қабылдауға дайын

Сондай-ақ, Қазақстан Ресей порттарындағы жүк көлемін Латвияға бағыттайтын болды. Балтық мемлекеті бірнеше портын ашып, орын беруге келісті. Ресейге салынған санкциялардан кейін, еліміз басқа мемлекеттер арқылы жүк жеткізу жолдарын іздеуде. Екіжақты келісім бойынша Қазақстанның жүктері Рига, Вентспилс және Лиепая порттарына бағытталады.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу