Елдегі этномәдени бірлестіктер Мемлекет басшысының Ресей-Украин қақтығысына байланысты ұстанымын қолдауға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі этномәдени бірлестіктер Мемлекет басшысының Ресей-Украин қақтығысына байланысты ұстанымын қолдауға шақырды

04.03.2022
Елдегі этномәдени бірлестіктер Мемлекет басшысының Ресей-Украин қақтығысына байланысты ұстанымын қолдауға шақырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Аманат» партиясының съезінде сөйлеген сөзінде «біз екі мемлекетті келіссөз үстелінде ортақ тіл табысуға, уағдаластық пен келісімге келуге шақырамыз. Басқа жол жоқ. Жақсы жанжалдан жаман татулық артық. Бейбітшіліксіз даму болмайды», - деген болатын.

Этномәдени бірлестік өкілдері «Әлемдегі геосаяси шиеленістің күшеюінің осынау қиын жағдайында қоғамымыздың ішкі топтасуын сақтау міндеті бұрынғыдан да өзекті әрі маңызды бола түсуде. Біз барлық жауапты қоғамдық күштерді, азаматтарымызды Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жаңа бағыты төңірегіне топтасуға, жалпыұлттық ынтымақ пен бірлікті нығайтуға, елді дамытуға бағытталған жасампаз саясатын қолдауға шақырамыз», - деп мәлімдеді.

Хабарламаларға жазылу