Астанада белгілі жас әнші Әли Оқаповтың шығармашылық кеші өтті. «Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында өткен концертке еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін келді.
Әдеттегідей, жобаның жүргізушілері Ерке Есмахан мен Тәуекел Мүсілім болды.
Халықтың сүйіспеншілігіне бөленген жас әнші репертуарындағы барлық әндерді жанды дауыста орындады. Кеш қонақтары Нұржан Керменбаев, «Формат» тобы шара көрігін одан әрі қыздыра түсті.
Концертті бағдарламаның алдағы шығарылымдарының бірінен көре аласыздар. Естеріңізге саламыз, «Сәлем, Қазақстан!» жобасы әр жұма сайын 21:25-те өтеді.