Украинадан тағы жеті жүк көлігі Қазақстанға жолға шықты. Украина аумағында қалып қойған қазақстандық 57 автокөліктің отызы шығарылған. 27 жүргізуші әлі де Украина аумағында. Оның ішінде 11 жүргізуші қазіргі уақытта Польша шекарасына қарай жіберілді. Әрі қарай олар Беларусь және Ресей аумағы арқылы елге келеді. Ал Ақтау мен Құрық порттары қазір штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қазақстандық жүк жөнелтушілерді қолдау мақсатында Баку, Махачкала және Ирандағы порттармен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Қазіргі кезде қазақстандық порттар 10 миллион тоннаға дейін жүк тасымалдай алады.
Саламат Омаш