Қорғаныс министрлігі Қазақстаннан танктер Украинаға жөнелтіледі деген қауесетті жоққа шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғаныс министрлігі Қазақстаннан танктер Украинаға жөнелтіледі деген қауесетті жоққа шығарды

06.03.2022

Бір тоқтала кететіні, әлеуметтік желілерде танктер тиелген пойыздардың фотосы тарап, оны Украинаға апара жатыр деген әңгіме шыққан. Қорғаныс министрлігі ол танктердің Батыс Қазақстаннан оңтүстік аймаққа жөндеуге жөнелтілгенін айтып, әлгі қауесетті жоққа шығарды. Жалпы, Украинаға бізден әскер, әскери техника жеткізіледі деген әңгіме – бізді ақпараттық соғысқа араластырудың құйтырқы әдісі болса керек.

 Сұлтан Камалетдинов, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
Техниканы біз осындай дағдарыс уақытында ғана жылжытпаймыз. Бұрыннан солай істеледі. Ол кезде ешкім мән бермейтін. Қазіргі геосаяси жағдайда әрине, сұрақ туып жатыр. Біз тиісінше құлағдандырып отырамыз. Бірақ мен Қарулы күштеріміздің өз территориямызда бір жерден екінші жерге жылжуы халықтың алаңдаушылығын туғызады деп ойламаймын.

Енді мынадай детальдар: қаржы нарықтарында сарапталамық зерттеулермен айналысатын халықаралық Standard&Poor's агенттігі Қазақстанның суверенді кредиттік рейтингін өзгерткен жоқ. Болжам «Тұрақты». Ресеймен арадағы саудаға орай проблемаларды еңсеруге болады және экспорттың негізгі бағыттарына яғни мұнай мен газ экспортына соншалықты әсер етпейді деп есептеп отыр. Мысалы, қазақстандық жүк үшін ресейлік порттардың орнына латыш порттарын пайдалану қаралып жатқан көрінеді. Сонымен бірге әрине, халықаралық транскаспий дәлізін пайдалану артады.

Жайна Сламбек

Хабарламаларға жазылу