Қазақстан азаматтарын эвакуациялау: 553 адам Украинадан шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан азаматтарын эвакуациялау: 553 адам Украинадан шығарылды

06.03.2022

Экономикалық салдарларға кеңірек тоқталамыз. Қазір Украинадан отандастарымызды эвакуациялау туралы.

Кеше кешке шыққан ресми ақпаратқа үңілсек, Украинадан 553 адам шығарылды. «Air Astana» әуе компаниясы арқылы елге 432 адам оралды. Кейбір адамдар Еуро Одақ аумағында қалуды шешкен. Польшаның Катовице қаласынан төртінші рейс ұйымдастырылады.

Онда 30 отандасымыз бар, украин-поляк шекарасында 30 адам отырған автобус кезегін күтіп тұр. Львов қаласындағы құрметті консулдықта 9, Киевтегі елшілікте 10, Харьковте 7 адам бар.

«Атамекен» ұлттық палатасының есебінше, соғыс басталғалы Украинада 55 автокөлік болған, шопырлардың 47-і Қазақстан азаматы, қалғаны шетелдіктер. Қазіргі күні мемлекетіміздің араласуымен 31 көлік шыққан. 24-і әлі сонда. Олардың жүргізушілерімен байланыс бар, шығару үшін әрекет етіп жатырмыз деп хабарлады мемлекеттік органдар. Жүк тиелген вагондар бойынша да солай. Бірақ ол жерде қиындықтар көбірек сияқты.

Жайна Сламбек

Хабарламаларға жазылу