Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторынан тергеудегі екі күдікті қашып кеткен. Олар 8-наурыз күні мекеменің серуен алаңынан ебін тауып сытылып кеткен. Тәртіп сақшылары 24 және 25 жастағы жігіттерді ізін суытпай бірнеше сағаттан соң ұстаған. Енді олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 426-шы бабымен тергеу барысында уақытша ұстау изоляторынан қашқаны үшін іс қозғалды.
Руслан Нұрланұлы