Астана күніне орай елорда төрінде тағы бір керемет концерт өтіп жатыр.
Шынар Асанқызы, тілші:
Бүгінгі концерте қазақ эстрадасының ең танымал әншілері түгелдей қатысуда деп айтуға болады. Бұл – заңды да. Өйткені, репертуарында Шәмшінің әні кездеспейтін әнші бізде некен-саяқ. Шәмші әндерінің кештері бұған дейін жер-жерлерде аз ұйымдастырылып жүрген жоқ.
Бірақ, бүгінгі концерттің өзіндік ерекшелігі бар. Әндердің барлығы симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындалды. Дирижеры композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов. Сондай-ақ, концерт барысында композитордың ұлдары Қасым және Мұхтар Қалдаяқовтар танымал әнші Бибігүл Төлегеновамен бірге қосылып, сахнада өнер көрсетті.
Жалпы, бізге Шәмшінің бүгінге дейін 300-ге жуық әні жеткен. Ел аузында жүрген осы әндердің ең алғашқы тыңдаушысы, әрі «Бәрінен де сен сұлу» әнін арнаған жары Жәмила да бүгінгі концерттің құрметті қонағы. Концерт барысында жалпы саны 50-ге жуық әнші сахнаға шықты.
Роза Рымбаева, Қазақстанның Халық әртісі:
Шәмші ағамыздың концерттері жыл сайын өтіп жатады. Бүгінгі орындаушылар, бүгінгі оркестр, бүгінгі ұйымдастырушылар, сценарий жағы жоғары еңгейде болды. Бибігүл апамыздан бастап, Әлібек Дінішев қостап, бүгінгі жаңа шығып келе жатқан жұлдыздар Шәмші ағамыздың әнін халықпен бірге орындап жатыр.
Шынар Асанқызы, тілші:
Бүгінде қазақтың бірде бір тойы Шәмші әндерінсіз өтпейді. Ән әлемінің королі атанған композитордың елорда тойы қарсаңында шығармашылық кешінің ұйымдастырылып отырғаны да сондықтан
Шынар АСАНҚЫЗЫ