Әлемде қаржы нарығындағы жағдай құбылып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде қаржы нарығындағы жағдай құбылып тұр

09.03.2022

Әлемде қаржы нарығындағы жағдай құбылып тұр. Бүгін валюта нарығындағы тұрақсыздыққа жол бермеу үшін KASE алаңында сауда-саттық Франкфурт аукционымен өтті. Ұлттық банк 198 млн долларға валюталық интервенция жасады.

Аукцион қорытындысы бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы 510 теңгеге теңесті. Ал ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы 517-519 теңгені көрсетіп тұр. Қазақстан қор биржасында еуро 487, рубль 4,8 теңгеге арзандады.  

Хабарламаларға жазылу