Батыс Қазақстан облысы аумағындағы «Самара-Шымкент» тасжолында екі жүк көлігі бетпе-бет соқтығысып қалды. Өкінішке орай жүргізушілер қаза тапқан. Оқиға кеше кешкісін Сырым ауданының Алғабас ауылы маңында болды. Бір азамат оқиға орнында тіл тартпай кетсе, 34 жастағы екінші жүргізуші құтқарушылар көліктен алып шығып жатқанда ес жимастан, көз жұмған. Сол мезетте апат болған жерден өтіп бара жатқан жеңіл көлік те бұларға соқтығысып қалды. Жүргізуші мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кетейік, аймақта қар жауып, ақтүтек боран салдарынан барлық бағыттағы жолдар жабылды.
Ардақ мұратқызы