Үкіметте су кеңесінің алғашқы отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте су кеңесінің алғашқы отырысы өтті

11.03.2022

Елімізде су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Су кеңесі құрылды. Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ұйымның алғашқы отырысы өтті. Жиында Қырғызстанмен электр энергиясы бойынша тауар алмасу және Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Тараптар өзара тиімді келісімдерге уағдаласты. Үкімет басшысы аталған аймақтарды тіршілік нәрімен қамтуға басымдық беріледі деді. Сонымен қатар, сұр майнингке қатысты қатаң шаралар қолдануды тапсырылды.

Хабарламаларға жазылу