Президент Владимир Путин Ресейдің Украинадағы әскеріне көмекке бүкіл әлемнен «ерікті» тартуға рұқсат берді. Ал, осы елдің қорғаныс министрі Сергей Шойгудың сөзінше, қазірдің өзінде 16 мыңдай адам өтініш берген. Олардың көпшілігі - Таяу Шығыс елдерінен, әсіресе, Сирия тұрғындары.
Украинадағы жағдайға тоқталсақ, онда Мариуополь қаласы бомбаланып жатса, Луцк, Ивано-Франковск атқыланған. Таңертең Винница қаласына да снаряд жаудырылды. Сонымен қатар, Ресей әуе күштерінің соққысына елдің батысындағы аэродромдар да ұшырады. Ал, Харковьта 400-дей үй жартылай немесе толықтай қираған.
Қарулы қақтытығыстардың ауқымы кеңейген сайын, Украинада гуманитарлық жағдай да нашарлап барады. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, ақпанның 24-нен бері елден көрші мемлекеттерге 2,3 миллион адам бас сауғалап барған. Солардың көпшілігі Польша жеріне өтіпті.
Арыстан Рысбек