Үкіметте инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес өтті

12.03.2022

Үкімет басшысы инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес өткізді. Отырыста климаттық келісім бойынша міндеттемелерді қаржыландыру мен Қазақстанның халықаралық ұстанымдарын одан әрі нығайту мәселелері қаралды. Заманауи талаптарға сай келетін дамудың жаңа бағыттарына қатысты негізгі құжаттар дайындалып жатыр. Сонымен қатар, экологиялық таза энергия көздерін дамытуды ынталандыру үшін жаңа заң әзірленуде. Осы мақсаттар үшін 2060 жылға қарай Көміртегі бейтараптылығы доктринасы түзіліп жатыр. Жалпы, Қазақстан әлемде орын алып жатқан сын-тегеуріндерге қарамастан, өзінің жаһандық орнықты дамуға бейілділігін сақтап қалды және аталған бағыттағы жүйелі және дәйекті жұмысты одан әрі жалғастыруға дайын.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу