Ақмола облысында жолда қалған 250-ге жуық адам қауіпсіз жерге жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында жолда қалған 250-ге жуық адам қауіпсіз жерге жеткізілді

12.03.2022

Ақмола облысында жолда қалған 250-ге жуық адам қауіпсіз жерге жеткізілді. Оның 96-сы бала. Өткен түні қатты боранның салдарынан өңірдегі бірнеше бағытта жол жабылып, жолаушылар діттеген жеріне жете алмады. Уақытша жылыту орындарына жеткізіліп, ыстақ тамақпен қамтамасыз етілді. Бурабай, Шортанды, Аршалы аудандарында жолда қалғандар құтқарылды. Ал, 400-ден астам көлік жол бойындағы блок бекеттерде тоқтатылған. Полицейлер Дамса ауылынан Нұр-Сұлтан қаласына дейін 200 автокөлікті колоннамен жеткізіп салды.

Назима Жанұзақова, жолаушы:

Біз 11 наурызда Бурабайдан Нұр-Сұлтан қаласына шыққанбыз. Шортанды ауданының Дамса ауылы маңында жолда қалдық. Бізге жедел көмек көрсетілді. Жылыну орнына жеткізіп, тамақтандырды.
Батыс Қазақстан облысында да ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды. Орал-Тасқала аралығында және Ресейдің шекарасына дейінгі жолды қар алып қалған. Жолда қалған 15 жүк көлігінің жүргізушілеріне арнайы техникамен тамақ жеткізілді.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу