Түркия Ресейге ешқандай санкция салмайтынын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Ресейге ешқандай санкция салмайтынын мәлімдеді

13.03.2022

Енді Ресей экономикасына орай былай топтастырып берейік: Сыртқы қарызы бойынша дефолтқа ұшырайтыны қашып құтыла алмайтын ахуал қалыптасты; Валюталық бақылау өте қатты күшейтілді. Доллар сатып алу мүмкін емес; (Оларға АҚШ -тан доллар жеткізілмейді де) Кеткен шетелдік компаниялардың мүлкі национализацияға ұшырайды; (Былайша айтқанда тартып алады) Ресей әуе компанияларының халықаралық рейстері толықтай дерлік тоқтады; Осы тұста айта кететіні - қазақстандық «Скат» Ресейге рейстерін көбейтіп жатыр. «Эйр Астана» керісінше, толық тоқтатты. Ал Qazaq Air тоқтатқан еді, бүгіннен қайта бастайтынын хабарлады.

Қоғамда «Ресейліктер қаптап кетсе, өзіміздің адамдар жұмыссыз қалады, жалпы, азаматтық алуға тырысса, талапты күшейту қажет» деген сияқты пікірлер айтыла бастағанын да айта кетейік.

Титтей де болса, үмітпен қарайтын жаңалық, Украина президенті кеңсесі жетекшісінің кеңесшісі Михаил Подоляк «Коммерсант» басылымына Владимир Зеленский мен Владимир Путиннің кездесуі мүмкін екенін айтқан. Қазір тараптар соғысты тоқтату, Украинаның қираған инфрақұрылымдарының шығынын өтеу, ресей әскерін шығару, бейбіт келісімнің шарттары талқыланып жатыр деген. Айта кететіні, екі мемлекеттің өкілдері келіссөздерді бейне форматта да жүргізіп отырғанын екі жақ та растады. Мұндай ақпаратты Түркияның сыртқы істер министрі де растап отыр. Бұған дейін Ердоған мен Путин телефон арқылы сөйлескен. Әңгіме барысында Ресей Президенті келіссөз жүргізуге қарсы емес екенін айтты. Сондай-ақ, Түркия Ресейге ешқандай санкция салмайтынын мәлімдеді. Себебі санкция мәселені шешпейді деп отыр.


Хабарламаларға жазылу