Үкімет халықты үрейленбеуге және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет халықты үрейленбеуге және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды

14.03.2022
Үкімет халықты үрейленбеуге және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды

Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, мемлекеттік бюджет есебінен халықтың депозиттері бойынша сыйлықақы есептеуді көздейтін Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын әзірледі

Екінші деңгейдегі банктерде 2022 жылғы 12 наурыздағы жағдай бойынша шамамен 15,3 трлн теңге немесе активтердің 40% құрайтын өтімділігі жоғары активтердің біршама қоры бар.

Заңда белгіленген шекте жеке тұлғалардың депозиттеріне мемлекет кепілдік береді.

Бұдан басқа, бағаның өсуін тежеу мақсатында Үкімет Инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асыруда.


Хабарламаларға жазылу