«Қаңтар қасіреті»: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 234 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаңтар қасіреті»: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 234 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуде

14.03.2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қаңтар трагедиясына қатысты 234 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуде. Оның 220-сы азаптау дерегі, ал 14 іс билікті асыра пайдалану бойынша. 11 арызданушы жоғары температураны қолдана отырып, азапталғанын айтқан. Жедел-тергеу шараларынан соң тыйым салынған тергеу әдістерін қолданған полиция қызметкерлері анықталды. Алматы облысында үтікпен күйдіру фактісімен тіркелген қылмыстық іс бойынша күдікті жедел уәкіл Кенжебаев ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Арнайы прокурорларға адамның қайтыс болу дерегі тіркелген 8 қылмыстық іс берілген. Ал құқық қорғау қызметкерлерінің заңға қарсы әрекеті туралы куәландыратын объективті деректер анықталмағандықтан, іс-әрекетте қылмыс құрамының болмауына байланысты 7 қылмыстық іс тоқтатылған.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу