Бас прокурор тергеліп жатқан қылмыстық істердің 8-і Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің лауазымды тұлғаларына қатысты екенін айтты. Ал, бұрынғы төраға Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қамауға алынғаны белгілі. Осы органның тағы 2 басшысы, билікті асыра пайдалану күдігімен, қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Мәсімов 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деді Бас прокурор.
Ризабек Ожаров, Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы:
Қазіргі уақытта Кәрім Мәсімовті ұстау мерзімі ұзартылды. Қазір ол қамауда жатыр. Тергеу жұмыстары жалғасуда.