Мотошеру мәресі - Астана - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мотошеру мәресі - Астана

05.07.2014
Мотошеру мәресі - Астана

Еуропа мен Азияның 20 елін 45 күнде айналып шыққан қазақстандық байкерлер бүгін баспасөз конференциясын өткізді. Естеріңізге салып өтейін, «Керуен» мотошеруі халықаралық ЕХРО-2017 көрмесіне арналған. 17 мың шақырымды артта қалдырған топ әр елде Қазақстан Туын желбіретті. Әуел бастағы жоспары бойынша олар сапарын Астана күні қарсаңында аяқтауды жоспарлаған еді. Және сол мақсаттарын сәтті орындап шықты. 

Серік Сұлтан, «Керуен» мотошеруіне қатысушы:

20 мемлекетті аралап көрдік. Біз олардан кем емеспіз. Ең жас мемлекет болғанымен ешқайсысынан қалып келе жатқан жоқпыз. Кейбір жерде олардан алда келе жатырмыз. Қазақстан десе бәрі таниды. Қазақстанның бар абыройы Президенттің арқасында.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу