Биылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,5 процентке жеделдеген. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. Нақты сектордағы өсім ұлғайып, қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,1%-ке дейін артқан. Көлік, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, сауда, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында оң өсім бар.