Павлодар облысында 1 мың тоннадан аса қанттың қоры бар. Бұл алдағы 6 ай ішінде тапшылық болмайды деген сөз. Оның үстіне облыстық бюджеттен 315 млн теңге бөлініп, Тараздағы зауыттан 1 мың тонна қант алуға тапсырыс берілген. Ең бастысы әлеуметтік дүкендерде жыл аяғына дейін баға тұрақты болады.
Нұрәлі Әділов, «Павлодар әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы:Тұрақтандыру қорынан жіберілетін қанттың бағасы 240 теңге. Ал дүкендер оны 264 теңгеден аспайтын шектік бағада сатуы тиіс. Бұған енді тұрақты мониторинг жүргіземіз. Бұдан бөлек дүкендер басқа қант зауыттарымен келісімшарт жасауы мүмкін. Солардан алған қантты басқа бағамен сатуы мүмкін.
Болат Аманбаев