Елде короновирусқа шалдыққандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 54 адам вирус жұқтырған. Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында бірде бір науқас тіркелген жоқ. Айта кетейік, Қазақстан қазір «жасыл» аймақта. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің білім беру мекемелеріне қатысты жаңа қаулысы шықты. Құжатқа сәйкес, «жасыл» және «сары» аймақтарда әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар алынып тасталды. «Ashyq» қосымшасын пайдалану мен дене қызуын өлшеу білім ошақтарында ерікті түрде жүргізілуі мүмкін.