Солтүстік Қазақстандағы көпбейінді ауруханада дәрігерлер енді науқастың инсультқа шалдыққанын 10 минутта анықтай алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстандағы көпбейінді ауруханада дәрігерлер енді науқастың инсультқа шалдыққанын 10 минутта анықтай алады

15.03.2022

Солтүстік Қазақстандағы көпбейінді ауруханада дәрігерлер енді науқастың инсультқа шалдыққанын 10 минутта анықтай алады. Нақты диагноз жасайтын бағдарлама осы бастан іске қосылды. Жасанды интеллекттің авторы отандық компания. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, инсульт адам өліміне апаратын аса қауіпті 10 аурудың бірі. Әлем бойынша соңғы 30 жылда дертке шалдыққандар 70 пайызға артқан. Қазақстанда жылына орта есеппен 40 мың адам инсульт алады.

Сергей Руцкий, СҚО Көпбейінді аурухананың ангиография меңгерушісі:

Ауруханаға түскен науқасқа бірден компьютерлік томография жасалады. Оның нәтижесі қосымшаға жүктеледі. Жасанды интеллект оны зерттеп, нәтижесін береді. Дәрігерлер ақпаратты қарап, қосымша арқылы науқасқа ем тағайындайды. Бұның барлығы тез жасалады. Сондықтан инусльттан болатын өлім-жітім және мүгедектік көрсеткішін азайтуға мүмкіндік туып отыр.


Хабарламаларға жазылу