Украинадан эвакуацияланған тағы 89 отандасымыз елге жеткізілді. Польшаның Катовице қаласынан ұшып шыққан рейс Алматы әуежайына келіп қонды. Елге аман-есен оралған отандастарымызды қарсы алғандар қатарында тілшіміз Нұрсұлтан Тілектесов те Қазір тікелей эфирге қосылуға дайын.
Нұрсұлтан Тілектесов, тілші:
Украинадан эвакуацияланғандар Алматы әуежайына дін аман келіп қонды. Оларды жақындары, туған-туыстары қарсы алып, көңілдері орнығып қалған сияқты. Олардың арасында қариялар, балалар, тіпті мүмкіндігі шектеулі бар. Елге оралған отандастырымызбен тілдесдік, интервьюны режиссерларымыз экранға берсе!
Ресми мәліметтерге сүйенсек, бортта болғандардың 32-сі Украинаның, біреуі Польша елінің азаматы. Бұл туралы толғырақ сағат 20:00-де жаңалықтардан айтамыз.