«Қаңтар оқиғасына» байланысты көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдардың жауабын естідік - зиялы қауым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаңтар оқиғасына» байланысты көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдардың жауабын естідік - зиялы қауым

15.03.2022

«Мәжілістің жалпы отырысында «Қаңтар оқиғасына» байланысты көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдардың жауабын естідік». Қостанайлық зиялы қауым осылай дейді. Тергеу барысының ашық баяндалуы алып-қашпа әңгімелерге тосқауыл қоюы тиіс. Бұл бағытта қоғамдық бақылау күшейіп, тергеп-тексеру шаралары барынша ашық жүргізілуі керек.

Жанұзақ Аязбеков, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы:

Қоғамдық бақылау қазір бар. Президент айтты тәуелсіз сарапшыларды, тәуелсіз қоғамдық ұйымдарды осы жұмысқа тартамыз деп. Қоғамдық бақылаудың бір түрі осы. Белсенділерді жұмылдырып, осы іске араластыра білсек, оны құқық қорғау органдары кеудесінен итермесе, міне сонда біз кімнің жазықты, кімнің жазықсыз екеніне көз жеткізе аламыз.

Елдос Жұмағұлов, саясаттанушы:

Жұртшылықтың күткені сол болып тұр ғой. Өйткені осы сенімді қайтару, осы Қаңтар оқиғасынан кейін қоғамда бір үміт пайда болды. Біздегі болып жатқан процесстердің ашық жүруі, демократиялық жолмен жүруі байқалуда. Өзі демократиялық мемлекеттің қағидаты да сол ғой. Міне азаматтық қоғам белсенді қатысуда. Егерде азаматтық қоғамды қатыстырмай, тергеу орындары, сот шешім шығаратын болса ол ашықтықты қамтамассыз ете алмайды.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу