Жаңаөзенде 1 айда 450 адам жұмысқа орналасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзенде 1 айда 450 адам жұмысқа орналасты

15.03.2022

Биыл Жаңаөзенде 2570 адамды жұмысқа орналастыру жоспары бар. Оның жартысынан астамы тұрақты жұмыс орны, қалғаны уақытша еңбекпен қамтылады. Жұмысқа орналастыру жөніндегі облыстық комиссияның шешімі осындай. Атап айтсақ, Жұмыспен қамту орталығынан бес санат бойынша кезекте тұрған 682 адам мұнай-газ саласына қабылданады. Оның 150-і қазір жұмысқа орналасып жатыр. Ал «Өзенмұнайгаз» сервистік қызмет көрсету мекемелерінде 318 азаматты жұмыспен қамту көзделген. Сондай-ақ, «Жұмыс жасайтын» жобасы аясында 400 орын құру жоспарланған. Ал жеке кәсіпкерлер есебінен 390 жұмыс орны ашылады. Олардың жалақысы 150 мың теңгеден басталады. Қала тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша шаралар кезең-кезеңмен іске асырылады.

Абзал Меңдібаев, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары:

450 жұмыссыз 8 ақпаннан бері жұмысқа орналасу мүмкіндігін алды. Дейтұрғанмен, біз ұмытрпауымыз керек. Барлық адамды Өзенмұнайгаз секілді мұнай компанияларына орналастыру мүмкін емес. Оны түсінуіміз керек. Сондықтан бұл жұмыс әлі де жүргізіледі.


Хабарламаларға жазылу