Шымкент қаласында «Қаңтар оқиғасы» кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге 86 миллион теңге өтемақы берілді. Мемлекеттің қолдауы мен кәсіп иелерінің өз қаржысы есебінен тәртіпсіздік кезінде қиратылып, тоналған нысандардың барлығы өз жұмысын қайта бастады.
Қаңтардағы қақтығыстан кейін Әлияның кәсібін қайта бастағанына айдан асты. Бұзақылар қиратып кеткен кондитерлік дүкенін өз күшімен қайта қалпына келтірді. Аудиторлық есептен соң мемлекет көп ұзатпай жалпы шығынның жартысын өтеп берді. Тұтынушылары бұрығыдан азайып қалғанымен кәсіпкердің тірлігі қайта арнасын тауып келеді.
Әлия Асылбекова, кәсіпкер:
Ол шығынның қазір бізге аудиторлық тексеріс өткен соң 45 пайызн қысқартып отыр. 557 мың өтемақы жасаймыз деді. Енді әрі қарай тағы да жалғастырсаңдар болады, өтемақы алсаңдар болады дейді.
Ал Түркістан сарайында күзетші болып жұмыс істейтін Мұратбек Пернебековтың жекеменшік автокөлігін 5 қаңтар күні бұзақылар өртеп кеткен. Өзі мемлекеттік мекемені күзетіп жүргенде сау тамтығын қалдырмапты. Мұратбек көлігіне өтемақы алу үшін комиссияға өтініш берді.
Мұратбек Пернебеков, қала тұрғыны:
Тура жолда автокөлігім мыжылып кеткен. Түкке жарамсыз. Өртеген. Одан БТРмен басқан. Сондай хәлде көрдім. Өзім шок болдым.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы жанынан құрылған комиссия қақтығыстан зардап шеккен кәсіпкерлік нысандарының шығынын есептеуді әлі жалғастырып жатыр. Бүгінге дейін 29 кәсіпкерлік субьектісі жағдайын айтып, комиссияға өтініш берген. Кәсіп иелерінің есебінше келген зиянның мөлшері 194,4 миллион теңге. Комиссия оны зерделеуге байланысты осы кезге дейін 5 рет отырыс өткізді.
Нұрлан Қабыштаев, «Атамекен» ҰҚП Шымкент қаласы филиалының директоры:
Бес отырыста 30 өтініш қаралап, оның 11-і мақұлданды. 86 миллион теңгеге дейін. Жалпы қалғандары құжаттарын жөндеуде. Зардап шеккен мекмелердің барлығы жұмысын қалпына келтіріп, жалғастырып жатыр.
Қаңтар оқиғасы кезінде, сондай-ақ, Шымкенттегі 6 мемлекеттік мекемеге зақым келді. Оның ішінде драма театры, Түркістан сарайы мен кітапхана қираған, бүлінген. Сондай-ақ, көрме орталығы түгі қалмай жанып кетті. Сарапшылардың есебінше мемлекеттік нысандарға 1 миллирад теңгенің мөлшерінде материалдық шығын келген. Қазір оларды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Ғани Қалмаханов