Доллар хабарландыру сайтында саудаланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Доллар хабарландыру сайтында саудаланып жатыр

15.03.2022

Ал елімізде доллар жетіспеушілігі әлі байқалады. Осыны пайдаланған жұрт АҚШ валютасын хабарландыру сайттары арқылы сатып жатыр. Мәселен доллар саудасының көркін қыздырған осындай платформалардың бірінде 70-тей хабарландыру жарияланған. Бірі шетел валютасын 530, 600, 800 теңгеге сатса, енді бірі тіпті мың теңгеге бағалапты. Ақшаны бұлай саудалау негізі заңға қайшы. Валюталық операциялар ақша айырбастау орындары мен банктерде ғана жүргізілуі тиіс. Бұған дейін Ұлттық банк доллар тапшылығына сұраныстың артуы мен оны елімізге жеткізуде туындағын қиындықтар себеп деген еді. 

Досжан Маратұлы 

Хабарламаларға жазылу