Атырауда тапанша оғынан 3 адам қаза тауып, бір жігіт ауруханаға жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда тапанша оғынан 3 адам қаза тауып, бір жігіт ауруханаға жеткізілді

16.03.2022

Атырау қаласының орталығында 29 жастағы маңғыстаулық тұрғын 4 адамды атып тастады. Оқиға кеше түнгі сағат 10 шамасында «Аваргард» шағын ауданында болды. Тапанша оғынан шаһар іргесіндегі Еркінқала ауылының үш тұрғыны қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді. Жараланған 27 жастағы жігіттің жағдайы ауыр. Оқ оның басы мен оң қолына тиген. Қашып кеткен күдіктіні полицейлер көз ұзамай ұстады. Атыс өзара келіспеушіліктен туған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу