Саяси реформалармен ел тарихының жаңа парағы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяси реформалармен ел тарихының жаңа парағы ашылды

16.03.2022

Бүгінгі Жолдау дамудың жаңа кезеңінде халқымыз бетпе-бет келген сын-қатерлерге берілген нақты жауап болды. Сенаторлардың пікірі осындай. Президенттің партия мүшесі болудан бас тартуы партиялық жүйені қалыптастыру кезеңіндегі ашық бәсекелестік күреске кепілдік береді,- дейді олар.

Бейбіт Исабаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Партияға бұрын естеріңізде болса, саяси партияны тіркеу үшін 40 мың қол жинау керек болатын. Оны 1,5 жыл бұрын Президент 20 мыңға азайтты. Бүгін 5 мыңға дейін азайту жөнінде мәселе қойып отыр. Яғни саяси партиялардың тіркелу тәсілін жеңілдетіп, көп партияның біздің Парламентке келуін қамтамасыз ету.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Нағыз белсенді азаматтар не партияға бару керек не сайлауға қатыспайды. Ондай азаматтар бізде көп. Нағыз белсенді азаматтардың ашық сайлауға түсуіне тоқталды ғой Президент. Енді Парламентке келіп ел билігін жүргізуге мүмкіндіктері болатын болды.  

Еркін Съезұлы

Хабарламаларға жазылу