Сайлау жүйесін жаңарту мәселесі қоғамның қызу талқысына түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау жүйесін жаңарту мәселесі қоғамның қызу талқысына түсті

17.03.2022

Мемлекет басшысының Жолдауы қазақ жұрты үшін маңызды үндеу болды. Үш облыстың қайта құрылуы көпті елең еткізді. Бұл қуанышты жаңалыққа қатысты түрлі сала өкілдері пікір білдіріп жатыр. Сондай-ақ Ұлттық құрылтай құру бастамасының да маңызы зор. Сайлау жүйесін жаңарту мәселесі де қоғамның қызу талқысына түскен.

Нұрлан Оразалин, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

Ұлттық құрылтай деген сөз сонау түркі дүниесінен бастап келе жатқан ел басқарудың үлгісі. Оның құрамына Парламент мүшелері, қоғам қайраткерлері, әр түрлі елде беделі, абырой бар тұлғаларды қамтимыз деген ойлар айтылды. Меніңше бұл өте дұрыс.

Бауыржан Жақып, ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор:

Әділеттіліктің бастауы сайлауда. Сайлау қалай әділ өтсе соған байланысты Парламент те жұмыс істейді, облыстарда, аудандарда болатын мәслихаттардың сайлау жүйесін мүлдем өзгерту, жаңа қалыпқа келтіру. Бұл сайлау жүйесіндегі үлкен жаңалық.

Нұрсұлтан Тілектесов


Хабарламаларға жазылу