Сенатта қос азаматтыққа шектеу қоятын заң қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатта қос азаматтыққа шектеу қоятын заң қабылданды

17.03.2022

Сенатта қос азаматтыққа шектеу қоятын заң қабылданды. Енді ТМД елдерінің құзырлы органдары дербес деректермен алмасып, бір-біріне құқықтық көмек көрсетеді. Азаматтар бойынша ақпарат сұрату кезінде құпиялылықты сақтау, мәліметтерді пайдалану жөніндегі шектеулер мен басқа ережелер арнайы келісімде нақты жазылған. Бұл құжат заңсыз көші-қонға қарсы күрес жүргізуге де бағытталған. Оның ережелері халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаларына сәйкес және ұлттық заңнамаға қайшы келмейді. Сенаторлардың айтуынша, бұл заң ТМД елдерінің құқық саласындағы ынтымағын одан ары арттыруға мүмкіндік береді.

Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

Аталған құжат қос азаматтықты болдырмауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа келісім бойынша қосымша ақпаратты алуға болады. Басқа елден алынған жеке басын куәландыратын құжаттарды жоғалтқан кезде адамның кім екенін, азаматтың шетелде тұратын жерін анықтауға мүмкіндік береді.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу