Биыл елордада 28 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Оның 24 мыңдайы тұрақты жұмыс орны болмақ. Президент қабылдауында болған Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов осылай деді. Биыл 300-ден астам отбасы апатты жағдайдағы үйлерден көшіріледі. 13 мың үлескердің баспана мәселесі шешіледі деп жоспарланған. Тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар бар. Кезекте тұрған азаматтарға әлеуметтік пәтерлер салынып жатыр. Білім беру, емдеу орындары мен өзге де әлеуметтік нысандар салынады. Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мен абаттандыру жөнінде әкімге бірқатар тапсырма берді.
Раушан Сайлауқызы