Сенат жанынан «Ұлттық мүдде» атты жаңа диалог алаңы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат жанынан «Ұлттық мүдде» атты жаңа диалог алаңы ашылды

17.03.2022

Сенат жанынан «Ұлттық мүдде» атты жаңа диалог алаңы ашылды. Депутаттар «Жаңа Қазақстанды» құру жолында зиялы қауыммен, ақын-жазушылармен, ғалымдармен ақылдасып, пікірлесуді мақсат етіп отыр. Қоғам өкілдерімен кездескен Сенат Төрағасы осылай деді. Мәулен Әшімбаев жастарға дұрыс бағдар беруде және саяси мәдениетті қалаптастыруда зиялы қауымның әлеуетін көбірек пайдаланған абзал екенін айтты. Мемлекет басшысы партияларды пәрменді және ықпалды институт ретінде қалыптастыруды көздейді. Бұл түптеп келгенде шынайы саяси бәсекеге жол ашады. Жалпы, Президент бастамаларын іске асыру – халық болып жұмылатын ортақ міндет екенін жеткізді.

Дархан Қыдырәлі, Түркі академиясының президенті:

Бұл зиялы қауым өкілдерінің басқосуы тұрақты үнқатысу алаңына айналады деп ойлаймын. Себебі мемлекет басшысы айтып өткендей бұл жолдау бір жылдық немесе бір кезеңдік емес ұзақ мерзімді еліміздің келбетін айқындайтын, қоғамның бағыттарын айқындайтын. Сондықтан зиялы қауым өкілдеріне де, ер-азаматтарына да үлкен жауапкершілік жүктейді.     

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу